Сауда сөресіндегі отандық тауардың үлесі төмендеді

Биыл дүкен сөрелеріндегі ресейлік өнімдердің үлесі 3%-ға артқан.

Ал отандық тауарлардың үлесі 5 пайызға төмендеп, небәрі 38 процентті құрады. Ресей Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі. Десе де, импортқа тәуелділіктен құтылуымыз керек. Сол үшін қайта терең өңделген өнімдерді ұлғайту кезек күттірмейтін шаруа. Бұл туралы сенатор Әли Бектаев Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығымен өткен кездесуде айтты. Жиында қайта өңдеу саласын дамыту жайы қаралып, отандық өнімдердің көрмесі де ұйымдастырылды.

Медет Бекжанов - Мәртөк ауданы, тәңірберген ауылдық округінің әкімі:

- Жалпы облыс деңгейінде мың жарымнан астам жаңа жоба пайда болды. Яғни, жаңа жоба дегеніміз несие алушылар алты да жеті млрд көлемінде қаражат игерілді. Мыңның үстінде жаңа жұмыс орындары пайда болды және ауылдың жұмыссыздар тұрғыны он сегіз де жеті пайызға облыс деңгейінде төмендеді. Қазір міне біз әртүрлі қарапайым ғана ауылдың тұрғындары жасаған өнімдерін әкеліп отырмыз.

Әли Бектаев, ҚР Парламенті Сенаты депутаты:

- Қазір бізде президентіміздің Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасыменен осы коммерцияландыру бағыты бойынша көптеген қаржы бөлініп отыр. Әр жобаға мысалы үшін 100 млн 150 млн 300 млнға дейін қаржы бөлініп, солар осы ғылымның жетістігін өндіріске енгізу үшін жұмыс жасап жатыр. Қазір осы біз көрген көрмеде сол коммерцияландырудың жемісін көріп отырмыз.