Елімізде Бостандық, Тәуелсіздік есімді азаматтар бар

Егемендік алар тұста елдегі халық саны 16 млн 793 мың болса, биыл 20 млн-нан астық.

Елдің басты байлығы – адам. Ал адам үшін ең қастерлісі – Тәуелсіздік. Ырымшыл қазақ осы Тәуелсіздігіміз баянды болсын деп баласына Азат, Еркін, Отан, Егемен деп ат қойыпты. Бостандық, Тәуелсіздік деген де есімдер бар. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, елде  14 285 Азат, 136 Отан, 25 Егемен, 23 Бостандық және 1 Тәуелсіздік бар екен.