Прокуратура заңсыздықты анықтады
Көкшетауда жергілікті атқарушы орган трансформатордың қосалқы станциясын сатып алуға бюджеттен 1 млрд теңгеден астам ақша бөлген.
Қалалық прокуратура тексеріс барысында әлгі мекеменің нарықтағы бағаны қарамағанын анықтады. Яғни станцияны қымбатқа сатып алмақ болған.
Меруерт Байболова, Ақмола облысы прокуратурасының басқарма прокуроры:
- Прокуратураның қадағалау актісі бойынша бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді, қаражат басқа да әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталды, кінәлі адамдар жауапкершілікке тартылды.