Жезқазғандағы жылу орталығының жұмысы қалыпқа келе бастады
Жезқазған жылу электр орталығындағы жағдай біртіндеп қалыпқа келе бастады.
Бұл туралы қала әкімі Қайрат Шайжанов айтты. Істен шыққан үш қазандықтың екеуі қайта қосылды. Ал резервтегі 5-қазандықтағы жөндеу жұмыстары бүгін кешке дейін аяқталады. Қазір жылу желілеріндегі температура бекітілген кестеге сай беріліп жатыр. Еске салсақ, кеше түрлі ақауларға байланысты жылу орталығындағы үш қазандықтың жұмысы бірден тоқтап, үйлерге берілетін жылу 10 градусқа дейін төмендеп кеткен болатын.