МӘМС жүйесі туралы ойыңыз қандай?. Блиц
Бірінші байлық - денсаулық. Осы қағидатты ту еткен көпшілік міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы жақсы хабардар.
Жарнасын да ұдайы төлеп отырады. Бірақ қоғамда бұл жүйенің маңыздылығына жүрдім- бардым қарайтын азаматтар да баршылық. Елорда тұрғындары мен қонақтарының міндетті медициналық сақтандыруға бөлінетін жарналар туралы ойы қандай?
- Жоқ мен, ондаймен емделіп көрмедім. Бірақ емделіп жатқандар бар дейді. Жақсы.
- Жалпы тиімді ғой, әлеуметтік пакет болып тұрса.
- Дамыту керек шығар енді медицина саласын. Халыққа тиімді болу керек қой.
- Мен жеке басым ештеңе айта алмаймын. Тұрақты түрде төлеймін. Жылына бір-ақ рет тексеріске шақырады. Басқасына бармадым.
- Өткенде бардым Үкіметтің поликлиникасына. Барсам, дәрігерлер жоқ, дейді. Жекеге бардым. Ол жақта үнемі болады.