Су шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарына екі триллион теңге қажет
Алдағы 7 жылда су шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарын әзірлеуге екі триллион теңге қажет.
Біраз өңірлерде су тапшылығы күрделі мәселеге айналып отыр. Бүгін Сенатта гидротехникалық нысандардың, су арналарының қазіргі жай-күйі жан-жақты талқыланды. Үнемдеу технологиялары суармалы жерлердің тек 17%-ын ғана қамтып отыр. Сонымен қатар үш мың шақырымға жуық су арналары қайта құруды қажет етеді. Осыған орай жауапты министрлік тексеру жүргізіп, 40-қа жуық иесіз нысанды тапқан. Және 500-ден астам су қоймасының жеке меншікте екені анықталды.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:
- Қазірдің өзінде еліміздің кейбір аймақтарында су тапшылығы күрделі мәселеге айналып отырғаны. Сонымен қатар гидротехникалық нысандардың қауіпсіздігі мәселесін де назар аудару керек екендігін көріп отырмыз. Осы бағыттарға басымдық бере отырып, тиімді шараларды іске асыру аса маңызды. Сондықтан осы отырыста айтылған барлық ұсыныс мемлекеттік органдардың назарынан тыс қалмауы керек.
Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі:
- Министрлік су қоймаларын салу және реконструкциялау, гидротехникалық құрылыстарды, ирригациялық жүйелер мен топтық су құбырларын қайта құру жөніндегі бірқатар шұғыл шараларды көздейтін су шаруашылығын дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарын әзірледі. Кешенді жоспарды іске асырудың болжамды құны 2 трлн теңге.