Алдағы 10 жылда АЭС салу қажеттілігі туындайды

Алдағы 10 жылда қуаты 18 гигаватт болатын атом электр стансасын салу қажеттілігі туындайды.

Бүгін Астанада осы бағытта арнайы бизнес-форум өтіп, Энергетика министрлігі Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары осылай деді. Гүлмира Мұрсалованың айтуынша, соңғы кездері елде энергия тапшылғы байқала бастаған. Сондай кездерде оны көрші елдерден сатып алуға тура келіп жатады. Сондықтан артық шығынды болдырмау мақсатында қуаты мықты жаңа станса салу маңызды, - дейді ол.

Гүлмира Мұрсалова, ҚР Энергетика министрлігі Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары:

- Кейбір кездерде, кешкі кездерде энергия тапшылығы туындайды. Оны біз көршілес елдерден сатып аламыз. Жазда осындай 600 млрд киловатт-сағат айына сатып алатын болатынбыз. Президент өз Жолдауында атом электр стансасын салу сұрағы референдумға шығарылсын деп жариялады. Референдумның нәтижесі оң болған жағдайда осы жұмыстар жалғасатын болады.