Ұлытау облысының экологиялық ахуалы зерттелуде
Биыл Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданының кейбір бөлігін төтенше экологиялық жағдай аймағы деп тану үшін арнайы зерттеу басталған болатын.
Бүгін сол жұмыстардың аралық нәтижелері жарияланды. Өткен 8 айда ғалымдар тобы ауадан 640 мыңға жуық сынама алған. Жылжымалы зертханалармен жерасты және жерүсті сулары, жан-жануарлар мен өсімдіктер және топырақ құрамы зерттелді. Нәтижесінде өндірісті қалада ауаның ластану деңгейінің жоғарылығы байқалып отыр. Судың құрамында темір және өзге де хлоридтердің үлес салмағы қалыпты мөлшерден асып кеткен. «Дегенмен, әлі түпкілікті шешім шығаруға ерте», - дейді ғалымдар. Зерттеу жұмыстары келер жылы да жалғасатын болады.
Ерлан Сәдуақасов, ғылыми-зерттеу тобының мүшесі:
- Қазіргі уақытта қандай қорытындылар айта аламыз? Мысалы, Жезқазған қаласы бойынша сероводородтан 10 есе, 15 есе көбейген жағдайлар анықтап отырмыз. Бірақ оны біз әлі де анықтаймыз. Қалай өзгеретінін біз заң бойынша 2 жыл қарауымыз керек. Мүмкін қазір осындай жағдай шығар. Келесі жылы өзгерсе тенденциясын қарап, анықтайтын боламыз.