Биыл 22 мың адам құтқарылды
Сонымен Төтенше жағдайлар министрлігі үшін жыл оңай болған жоқ.
Биыл төтенше қызмет бөлімшелері 76 мыңнан аса құтқаруға шықты. 22 мыңнан астам адамға көмек көрсетіп, эвакуациялады. 5 мыңға жуық тұрғынға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Салалық министрлік материалдық-техникалық базаны жаңартуға күш салды. Құтқару бөлімшелеріне 250-ден астам арнайы техника, 2 мыңға жуық құрал-жабдық алынды. 2 тікұшақ пен 70-тен астам пилотсыз ұшу аппараты сатып алынып, кұтқару жұмыстарына жұмылдырылды.