31 желтоқсанға «Хабар» арнасы көрерменге тосынсый дайындады

«Хабар» арнасы көзі қырақты көрерменге тосынсый дайындады.

Ертең сағат 22:00-де «Жаңа жылдың басты Хабары» атты мерекелік шоу ұсынады. Эстрада әншілері мен танымал өнерпаздар биыл жұртшылықты қалай таңғалдырады?

Қызу дайындық. Мереке қарсаңында студия ән-күйге толды. Оркестр музыканттары мен эстрада әншілері жаңажылдық кешке ерекше ықыласпен дайындалып жатыр. Тіпті әндерін жанды дауыста орындап, бұрын-соңды болмаған тарту ұсынбақ.

Әли Оқапов, әнші:

- Мүлдем салыстыруға келмейді. Осыған дейінгі барлық жобаларда ешқашанда бір дауыс жағынан, дыбыс жағынан ақау болуы мүмкін емес болды. Оның барлығы алдын-ала жазылған еді. Ал осы жолы кімнің кім екенін, оның тәжірибесінің қаншалықты мол екенін және жалпы шынайы болғанына, әрине, бізге үлкен мүмкіндік бар.

«Жаңа жылдың басты Хабарында» Әли Оқапов, Роза Рымбаева, Мейрамбек Беспаев, Айқын Төлепберген мен Луина сынды танымал әншілер өнер көрсетеді. Музыкалық шығармаларды олар жанды дауыста, оркестрдің сүйемелдеуімен орындайды.

Жанбол Түлешев, музыкалық продюсер:

- Солардың әндерін репетициясын жасап, дыбыстарының бәрін жазып аламыз алдын-ала. Дауысын емес, инструменталды жағын. Өйткені сахнада ертең әртістерге де, оркестрге де оңай болатындай. Қазір осындай жұмыс жасап жатырмыз студияда. 

Мерекелік бағдарлама мұнымен шектелмейді. Түрлі бояудағы әзілдермен көрермен жүрегінен ойып тұрып орын алған әзілкештер де кешті көңілдірек етеді. Ал сағат 22:00-де басталатын «Жаңа жылдың басты Хабарынан» бөлек, арнамыздың көрерменге дайындаған тағы бір тосынсыйы бар.

31 желтоқсан күні сағат 18:30-да «Келінжан 2» фильмі көрерменге жол тартады.

Ал 20:00-де жылдың «Ең қызық премиясы» табысталады. Олай болса, «Хабар» арнасы қосулы болсын!

Авторлары: Мирлан Алтынбек, Дана Әлиева, Аршын Кемелжан, Абен Нарымбаев.