Бас әскери клиникалық госпитальде жауынгерлерге сыйлықтар табысталды
Астанада Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы
Тілеухан Басқожаев Бас әскери клиникалық госпитальға барып, емделіп жатқан сарбаздарға қорғаныс ведомствосы басшысының атынан жаңажылдық сыйлықтар табыс етті.
Әділет полковнигі госпитальдің неврологиялық бөлімшесінің палаталарын аралап, жауынгерлермен сөйлесті. Сондай-ақ бас әскери клиникалық госпиталь мамандарына еңбектері үшін алғысын білдірді.
Тілеухан Басқожаев, ҚР Қорғаныс министрлігі тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы:
- Осы жердегі өзіміздің қатардағы сарбаздар, әскери қызметкерлер жеке құрамнан тыс өздерінің ағзаларындағы кінәрат, ақауларын емдеу бабында жатқан сарбаздардың көңілін білу мақсатында келіп отырмыз. Бұл бір күндік Қорғаныс министрлігінің акциясы емес, бұл іс әрекет әр өңірде, әр қолбасшылықта, әр гарнизонда осындай іс-шаралар болып жатыр. Әрине біздің әр сарбаз есебімізде. Осы мекеменің ақ халаттыларына да алғысымыды білдіреміз.
Қыдырәлі Оразбай, қатардағы жауынгер:
- Ақтөбе қаласындағы әуе қорғаныс күштерінің жас сарбаздардың даярлау мектебінде өзімнің мерзімдік әскери міндетімді өтеп жатырмын. Және де Астана қаласындағы әскери госпиталда ем қабылдап жатырмын. Әр медбике өзінің апалық сезімдерін білдіріп, біздерді емдеп бар нұрын шашып жүр.