Құқықтық сауаттылық - демократиялық жаңғырудың кепілі
«Саяси жаңғыру үдерісінің басты міндеті - барынша әділ әрі теңгерімді саяси жүйе құру болды».
Президент өз сұхбатында осылай деді. Саяси өзгерістерді кері қайтару мүмкін болмайтындай, сонымен бірге реформалар қоғамдық өмірдегі қалыпты құбылысқа айналатындай ахуал қалыптастыру маңызды екенін атап көрсетті. Сол үшін заңның үстемдігін қамтамасыз ететін Конституциялық Сот қайта қалпына келтірілді. Сайлау жүйесі де жетілдіріліп, бірқатар өзгеріс енгізілді. Мемлекет басшысы жұрттың құқықтық сауаттылығы мен белсенділігі демократиялық жаңғырудың басты кепіліне айналғанын айтты.
Ермек Тоқтаров, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бөлім меңгерушісі:
- Қазіргі таңда біз көріп жатырмыз қандай жетістіктеріміз бар, қандай реформаларымыз бар. Осы толықтай саяси жүйесі жаңа ережелермен қалыптасты. Жаңа саяси институттар қалыптасты. Тіпті депутаттардың да саны 80 пайызға жаңа депутаттар болып сайланды Мәжіліске.