Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде қаржы жымқырылған
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде жалған тұқым себу және егіс алқаптарын өңдеуге бөлінген бюджет қаражаты жымқырылды, деп хабарлайды 24KZ.
Келтірілген шығын – 43,8 млн теңге. Фактіні Алматы қаласының прокуратурасы тексеру қорытындысы бойынша анықтады. Сонымен қатар университетке тиесілі коммерциялық үй-жайларды жалға беру кезінде алаяқтық деректері белгілі болды. Бұл жағдай бойынша 7,9 млн теңге қолды болған.