Депутат: Химиялық тыңайтқыштарды пайдалануды доғару керек
Ауыл шаруашылығында химиялық тыңайтқыштарды пайдалануды доғару керек. Депутат Серік Егізбаев осылай дейді.
Айтуынша, Мәжіліс қабырғасында табиғи таза өнім өндіру жөнінде жаңа заң жобасы әзірленіп жатыр. Құжат күшіне енсе, органикалық тәсілдер арқылы егін егу қарқын алады. Бұл бірінші кезекте егістік алқаптарының құнарсыздануынан сақтайды. Сондай-ақ табиғи таза өнім алуға мүмкіндік береді. Қазір елдегі ғылыми зертханалар органикалық тыңайтқыш түрлерін жетілдіру мен көбейту үшін белсенді жұмыс істеп жатыр.
Серік Егізбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
- Органикалық өнім шығару жөнінде үлкен заң қаралып жатыр. Үлкен жұмыс тобы құрылды. Сондықтан бүгін арнайылап келіп биолабораториялармен танысып жатырмыз. Биолаборатория дегеніміз бізге еліміз үшін не үшін маңызды? Мысалы, біз әлемдегі ең үлкен егін өсіретін жер көлемі бар елдердің қатарына кіреміз. Бірақ тек қана 1%-ке жетпейтін көлемін органикалық өнім өндіруге пайдаланамыз.