Мемлекеттік сатып алуларда баға негізсіз көтерілген
41,1 млрд теңгеге бағаны негіpсіз көтерген.
Мемлекеттік сатып алуларға тексеріс жасау барысында елде осынша қаржы жөнсіз жұмсалмақ болғаны белгілі болды. Бұл жайлы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. Мемлекеттік қызметшілер кеңсе тауарларын, жанар-жағармай, техника мен азық-түлік алуда бюджеттті шамадан тыс артық жоспарлаған. Мысалы, Қостанайда аудандық білім бөлімі литрі 250 теңге болатын дизельді 580 теңгеден сатып алмақ болған. Ақтөбеде облысында да бағаны қолдан көтеру дерегі анықталды. Ондағылар медициналық қорғаныш костюмін алуға 15 млн теңге қаржы бөлген. Ал оның нарықтағы орташа құны 6 млн теңге. Абай облысында да осы секілді жағдайлар анықталды. 2 млн теңгеге жиһаз алуға ниеттілердің жолы кесілді. Нәтижесінде артық есептелген 700 мың теңге мемлекетке кері қайтарылды. Түркістанда да бағаны қолдан көтергендердің әрекеті анықталды.
Арман Тлеукенов, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:
- 2023 жылдың қарашасында «Түркістан» ӘКК» АҚ өз веб-сайтын қайта құру қызметі бойынша 11 миллион теңгеге лот ойнатуды жоспарлаған. Мұндай қызметтер нарықта 5 миллион теңге тұратын болса,бұлар 7 млнға суммасын көбейтіп жіберген. Сонымен қатар, антикордың араласуымен бұл сумма қайта мемлекетке оралды.
Жемқорлыққа жол бергендер ұсталды
Өскеменде әскери борышын өтеуден жалтарғандарды жасырып қалмақ болған басшы анықталды. Ол әскерге шақырылғандардың мерзімін кейінге қалдырған. Қазір тергеу аяқталып, іс сотқа жолданды. Сондай-ақ жемқорлыққа жол берді деген күдікпен қалалық полиция бөлімінің бастығы қамауға алынды. Бұл іс бойынша да тергеу аяқталды. Енді күдіктілердің ісі сотта қаралады.