Дипфейк несімен қауіпті?
Адам өміріне біртіндеп еніп келе жатқан жасанды жүйенің пайдасы көп, қауіпті тұсы да бар.
Қазір адамның бет әлпетін дәлме дәл дайындап беретін платформалар бар. Бет бейнеңізді жасап, дауысыңызды салады. Яғни, сіздің көшірмеңіз сіздің атыңыздан сөйлей беретін видеолар дайындап береді. Енді осы платформаларды алаяқтар өз пайдасына жаратуы мүмкін. Мысалы сіздің толықтай дижитал бейнеңізді қолданып, жалған ақпарат таратуы мүмкін. Өзіңізден аумайтын дипфейттерді ажырату қиын.
Аржан Сәдуақас, заңгер:
- Дипфейк дегеніміз танымал тұлғаның мысалы бейнесін пайдалан отырып белгілі бір ақпарат тарату. Көбінесе ол алаяқтық жолды табыс табу мақсатында заңсыз түрде жалған ақпарат таратады.
Дегенмен жасанды интеллект арқылы қылмысқа барғандар анықталса, жазасыз қалмайды. Заңда қылмыстық жауапкершілік бабы қарастырылған.
Мұны жасаған азаматттар бізде қылмыстық жауапкершілікке көрсетілген алаяқтық бабы бойынша. Бұл жерде егерде олардың жасаған әрекеттері ірі залал келтірген болатын болса, ірі залал деп бізде 12 млн-нан жоғары сумма болса мысалы онда ол ірі залал болып есептеліп сондай қылмыскерлерді 3 жылдан 5 жылға дейін аралықта бас бостандығынан айыруы мүмкін.