Тұтынушы шағымы 10% көбейді
Бір жылда тауарлар мен қызметтердің сапасына қатысты шағымдар саны 10%-ке көбейді, деп хабарлайды 24KZ.
Қазақстанның Ұлттық тұтынушылар лигасы басқармасының төрағасы Светлана Романовскаяның айтуынша, өткен жылдың соңында тұтынушыларға бір аптаның ішінде 27 млн теңге қайтарылды. Былтыр барлығы 33 мыңға жуық шағым түскен. Оның дені бөлшек саудаға қатысты. Қазақстан тұтынушылары республикалық қауымдастығы төрағасының орынбасары Тұрсын Жағыпарова: «мұндайда киіміңіздің цифрлық таңбалаудан өткеніне көз жеткізіңіз», - дейді.
Тұрсын Жағыпарова, Қазақстан тұтынушылары республикалық қауымдастығы төрағасының орынбасары
- Тұтынушылар құқығын қорғау заңына 21 жаңа бап кірген. Моральдық зиян. Қазақстанда 6 млн-ға дейін барады. Өзі біледі қанша? 100 мың дей ме? Соны сотқа жеткізбей, сотқа дейін оны талап етуге болады тұтынушыға.