Самат Әбішке қатысты іс сотқа жолданды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілді.

Бұл жайында Бас прокуратураның Cотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметі хабарлады. Мемлекеттік құпиялардың болуына байланысты тергеу деректері жария етілмейді. Самат Әбіш билігін және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген болатын. Хабарламада: қазір ол Қазақстан аумағында, - деп жазылған.