Қазақстан-Қытай шекарасында халықаралық сауда-логистикалық орталық ашылды
Қазақстан-Қытай шекарасында жаңа халықаралық сауда-логистикалық орталық ашылды.
Осылайша қытайдан тасымалданатын транзиттік жүктің көлемі 3 есеге дейін артуы мүмкін. Қазір шекарадағы бекет арқылы 180 көлік өтеді, енді жүк ағынын 500 көлікке дейін ұлғайтуды көздеп отыр. Жаңа нысан трансшекаралық логистикалық инфрақұрылымды дамытуға ықпал етеді.
Айта кеткен жөн, жүктерді өңдеу және сақтау үшін осындай орталықтарды ашу Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде жүзеге асырылуда.