Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік

Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қас-қағым сәтте өтеді.

Бірінші сейсмикалық толқыннан кейін адам 10-15 секунд ішінде жылдам əрекет ету керек. Егер сіз ғимараттың 1-ші қабатында болсаңыз онда дереу далаға шығыңыз. Ал одан жоғары қабатта болсаңыз лезде қауіпсіз орынға тұрыңыз. Яғни іргелі қабырғалардың бұрышында, тірек бағандарының жанында, үстелдің немесе төсектің астында тығылу қауіпсіз болады.

Ал егер сіз далада болсаңыз құлап кету қаупі бар заттардан алшақ болыңыз. Бастысы үрейге бой алдырмай, сабырлық сақтағаныңыз жөн. Лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз. Жер асты дүмпулері тоқтағаннан кейін электр құралдарын, газды және суды өшіріңіз. Ашық отты қолданбаңыз!