СҚО-да жол жөндеуге 47 млрд теңге жұмсалады
Солтүстік Қазақстан облысының жолдарын жөндеуге 47 миллиард теңге бөлінді.
Республикалық және облыстық маңыздағы 830 шақырым қайта жаңғыртылады. Өткен жылғы өтпелі 28 жобадан бөлек тағы бірнеше техникалық негіздеме әзірленіп жатыр. Тұрғындар әсіресе ел солтүстігін Ресейдің Қорған облысымен байланыстыратын авто дәліздің пайдалануға берілетініне қуанышты. Күре жол құрылысы 8 жылдан бері бітпей тұр. Ауқымды жөндеу жұмыстары облыс орталығында да қарқынды жүргізілмек. Соңғы 3 жылда өңірдегі 8,4 мың шақырымдық түрлі маңыздағы жолдардың мың жарым шақырымы жөнделді.
Ерден Шортыбаев, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:
- 6 аумақта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Оның ішінде ең ірі жоба Смирнов-Қиялы бағыты. Қазір мердігер анықталып жатыр. Сонымен қатар 61 шақырымға созылып жатқан Благовещенко мен Қараңкөл аралығына жол салғымыз келіп отыр. Бүгінгі таңда жоба-сметалық құжаттары әзірлену үстінде. Өткен жылы басталған Саумалкөл-Сырамбет-Светлое-Қарақымыз бағытын да биыл ел игілігіне береміз деп отырмыз.