А. Балаева: Алматыдағы жағдай БАҚ-тың рөлін айқындады

А. Балаева: Алматыдағы жағдай БАҚ-тың рөлін айқындады
www.gov.kz

Аида Балаева өз Facebook парақшасында жазба жариялады.

«Құрметті достар! Алматыда болған жер сілкінісі сенімді және дер кезінде жеткізілетін ақпараттың маңыздылығын дәлелдеп, төтенше жағдайлар мен басқа да оқыс оқиғаларда бұқаралық ақпарат құралдарының шешуші рөлін тағы да айқындады. Осыған орай, Мәдениет және ақпарат министрлігі жақын арада төтенше жағдайлар кезінде БАҚ пен әлеуметтік желілер жұмыстарының егжей-тегжейлі алгоритмін ұсынбақ.

Сондай-ақ, біз Төтенше жағдайлар министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Ішкі істер министрлігі және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен БАҚ қызметкерлері үшін бірқатар оқу тренингтерін өткізуді жоспарлап отырмыз.

Тренинг аясында қатысушылар төтенше жағдайларда, митингілерде, өрт кезінде, жазатайым оқиғалар мен балалардың қатысуымен болған фактілерді жариялауға қатысты қажетті ұсыныстар мен нұсқауларды ала алады.

Бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысы тек объективті және уақытылы ақпарат тарату ғана емес, кейде адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін де жауапты екенін білу маңызды», делінген жазбада.