Жамбылда қаржы жымқырғандарға қатысты тергеу басталды
Жемқорлардың жымысқы әрекеті әшкере болады.
Жамбылда дәрігерлер ардан аттап, халық қаржысына қол салған. Оның бұл құйтырқы амалына сыбайласы - аурухананың бұрынғы бас есепшісі көмектескен көрінеді. Олар 758 млн теңге қаржыны қолды қылды деген күдікке ілініп отыр. Бұл жайлы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов хабарлады. Айтуынша, қалалық көпбейінді аурухананың бірқатар лауазымды тұлғаларына қатысты, сотқа дейінгі тергеу басталған. Қазір сот санкциясымен бас дәрігердің орынбасары және экс-бас есепші қамауға алынды.