Шымкентте саябаққа тиесілі уческе қайтарылды

Шымкентте дендросаябақ аумағынан жекенің меншігіне өтіп кеткен жер телімдері қайтарыла бастады.

Түркістан облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында 28 соттық учаскеге қатысты қаулының күші жойылды. Себебі 2005 жылы Сайрам аудандық әкімдігі шығарған шешімде Жер кодексінің 5 бірдей нормасы бұзылған. Салдарынан осы аумақтағы қосалқы нысан да жекенің меншігіне өтіп, қолдан-қолға сатылып келген. «Бұл маңнан жоғары кернеулі электр желісінің өтуіне байланысты жеке тұрғын үй құрылысын жүргізуге мүмкіндік болмады»,- дейді мамандар. Осыдан кейін жер телімін саябақ қарауына қайта өткізу туралы шешім заңды күшіне енді. Қазіргі таңда дендросаябаққа қатысты тағы екі учаскені мемлекет меншігіне қайтару бойынша сот процесі жүріп жатыр.

Ермахан Оразалиев, дендросаябақ қызметкері:

- Бұл бізде кадастрды өлшеп, ГосАкт алған кезде шыққан учаскелер. Біздің территорияда болғаннан кейін біз сотқа бердік. Ол қалай бөтен жер деп. Сол қожайындарымен соттасып, сот шешімімен ұттық. Қазіргі кезде кәсіпорынға қайтарылды.