Тараздағы бөбекжайлар мен мектептерде сейсможаттығу өтті
Тараздың Төтенше жағдай қызметі бөбекжайлар мен мектептерде сейсможаттығу өткізді.
Мамандар балаларға жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шараларын түсіндірді. Және жедел көмек көрсету тәсілдері туралы айтып берді.
Сейсможаттығу алдымен шаһардағы мектепке дейінгі мекемелердің бірінде өткізілді. Төтеншеліктер алдымен балалар мен балабақша қызметкерлеріне жер сілкінісі кезінде орындалуы керек амалдарды түсіндірді. Дабыл қағыла салысымен бүлдіршіндер қауіпсіз орындарға тығылды.
Мерей Бает, тілші:
- Құтқарушылар жер сілкінген кезде ғимарат ішінде қалғандарға бірден сыртқа шығуға емес, мынадай есік бағаналары мен үстелдің партаның астын паналауды, және де мынадай қауіпсіз бұрыштарда тұрып күте тұруға кеңес береді. Дүмпу кезінде баспалдақты лифтті мүлдем пайдалануға болмайды. Жер сілкінісі бәсеңдеп басылғаннан кейін ғана сыртқа тездетіп шығу керектігін ескертеді.
Ал білім ошағындағы жаттығу кезінде оқушылар бірден қауіпсіз жерге шығып үлгірді. Құтқарушылар оларға алғашқы медициналық көмек көрсетудің әдіс-тәсілдерін көрсетті. Жауаптылардың сөзінше, білім беру мекемелерінде жоспар бойынша әр тоқсан сайын оқу жаттығулар өткізіледі.
Данияр Келіс, қалалық ТЖБ аға офицері:
- Әрбір білім беретін және орта білім беру мектептерінде әрбір шығатын есіктерде авариялық выход жарық шамы жанып тұруы. Гражданский противогаз ГП7. Алғашқы өрт пайда болған кездегі өрт сөндіруге арналған жеңдер рукав дейміз. Оның барлығы даярлықта тұру қажет.
Төтенше жағдай қызметкерлері зілзала кезінде шытынауы мүмкін шыны заттар мен терезе тұсында тұруға болмайтынын айтады. Құтқарушылар, жан сақтауға мүмкіндік беретін дабыл дорбасын жасақтаудың маңыздылығын түсіндірді. Мекеме басшылары «мұндай оқу жаттығудың балаларға берері көп» дейді.
Гүлжазира Тойшыбекова, балабақша меңгерушісі:
- Тек қана балабақшада емес басқа да жерде болған кезде де бала білуі керек қой. Сол үшін біз оны меңгертіп түсіндіріп айтамыз. Тек қана біз оны ауызбен айтпаймыз, бейнетаспа арқылы көрсетеміз және де балаларға сол іс әрекеттерді қайталатамыз.
Алматыдағы дүмпуден соң Жамбыл облысының барлық білім беру мекемесінде алдын алу жаттығулары өткізілуде. Осы уақытқа дейін Тараздың өзінде 62 мектептегі сейсможаттығуда 15 мың оқушы қамтылды. Айта кетерлігі, Жамбыл облысында жылына 2-3 балдық бірнеше жер сілкінісі болып тұрады. Ең ауқымды табиғи апат осыдан 21 жыл бұрын Тұрар Рысқұлов ауданында болды. Ол кезде 29 адам жарақат алып, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар бүлінген болатын.
Мерей Бает, Тимур Сейілхан, Елдар Байділдә