Рудный қаласы ауыз суды Қаратомар су қоймасынан алады

Рудный қаласына ауыз су Қаратомар су қоймасынан алынады.

Соңғы 10-15 жылда бұл айдынға айтарлықтай су түскен жоқ. Сондықтан таязданып, балдыр баса бастаған. Ал оны тазартып, тарататын Рудный су сүзгі станциясының тозығы жеткен. Күніне кеншілер қаласы шамамен 58 мың текше метр су тұтынады. Және таза су техникалық мақсатқа да ысырап болып жатады. Бұлай жалғаса берсе, жақын жылдарда Рудныйда су тапшылығы туындауы мүмкін. Мамандардың айтуынша, бұл мәселені Қаратомар аумағындағы жерасты суын тарту арқылы шешуге болады. Жоба бойынша ол жерде 24 ұңғыма қазылуы тиіс. Сондай-ақ су сорғы станциясының жабдықтарын жаңартуға тапсырыс берілген. Олардың бұл ұсыныстары Мәжіліс депутаттары тарапынан қолдау тапты.

Айдарбек Қожаназаров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Суды қамтамасыз ету кезінде әр тамшыға ұқыпты болу, оның барлығын тазалап, тұтынушыларымызға жеткізу де ол қазіргі замануй технологиялардан қалып бара жатырмыз. Ол үшін енгізу үшін де жаңадан су кодексі қажет. Су кодексінде осы бүкіл мәселені және керекті қаржыны қарастырамыз. Сондықтан осы қаражатты, осы жобаларды тездету бүкіл өзіміздің жұмысымызды соған қарай бағыттаймыз.