Аягөз ауданында жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу». Аягөз ауданында осындай атаумен жастарға арналған ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды.
Жобаға ауданның 35 жасқа дейінгі жастары қатыса алады. Оларға «Отбасы» банкі арқылы 5 пайыз үстемемен 8 жылға жеңілдетілген несие беріледі. Өңірде 1445 адам баспана кезегінде тұр. Оның мыңнан астамы жастар.
Қанат Әділбай, аудан әкімі:
- Аудандардың ішінде ең алғашқы болып былтыр 81 миллион теңге осы жастар бағдарламасына, жастарды қолдау үшін 81 миллион теңге аудандық бюджеттен бөліп бердік. Осы жердегі тұрғын үй комиссиясы бар. Сол тұрғын үй комиссиясы өздері сараптап, бәрін қарайды. Яғни балалардың санына байланысты, жаңағы мынау семьяның адамдарының санына байланысты болады барлығы.