Әлеуметтік медиа – диалог алаңы
Мәслихат депутаттарының қызметін әлеуметтік желідегі маркетинг арқылы ілгерілету жұмыстары ширап келеді.
Осы бағытта Шымкентте арнайы семинар-тренинг аяқталды. Оқыту жұмысын «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы ұйымдастырды. Кешенді іс-шара аясында масс-медиа саласындағы танымал сарапшылар дәріс өткізді. Осыған ұқсас семинар-тренингтер биыл қаңтар-сәуір айларында еліміздің барлық өңірінде ұйымдастырылады. «Ақпарат кеңістігіндегі SMM арқылы жүзеге асырылатын жұмыстар азаматтармен кері байланысты жақсартудың тиімді тәсілі», - дейді партия филиалының өкілдері.
Мұратәлі Қалмұратов, қалалық мәслихат депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі:
- Әлеуметтік желіде біз қолданып жүрміз ғой, бірақ біздің білмейтініміз көп екен. Бүгінгі осы семинардың арқасында көп нәрсені үйреніп жатырмыз. Бұл партия тарапынан ұйымдастырылып жатқан өте жақсы дүние екендігін біз айтуымыз қажет. Депутат болғандықтан осы дүниелердің барлығы бізге қажет. Жұмысымызда қолданып, халыққа жақын, етене жақын жұмыс жасап, билік пен халықтың арасындағы алтын көпір болуға біз ат салысатын боламыз.