ҚТЖ мен май өндіруші арасындағы келісім бәсеке заңдылығына сай емес

«Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы мен мотор майын өндіруші арасында жасалған келісім бәсеке заңдылығына сай емес.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі осылай деп отыр. Келісім құны 600 млн теңгеден асады. Нақтырақ айтсақ, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» компаниясы нарықтағы өзге жеткізушілерді шеттетіп, олардың мемлекеттік сатып алуға қатысуына кедергі келтірген.

Марат Омаров, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы:

- Біз бәсекелестікке қарсы келісімге қатысты тергеуді аяқтадық. Мәміле 624 млн теңгеге жасалған. Тиісті материалдар Қаржылық мониторинг агенттігіне жолданды.