Шымкенттегі перзентханада күрделі операциялар жасалды
Шымкенттегі перзентханада дамуында ақауы бар нәрестелерге күрделі операциялар жасалды, деп хабарлайды 24KZ.
Қалалық перинаталдық орталықта алғаш рет неонаталдық хирургия бөлімі ашылды. Мұндағы дәрігерлер туа бітті кемістігі бар балаларға шұғыл хирургиялық көмек көрсете алады. Биыл 7 балаға операция сәтті жасалды.
Айжан Маханбетова, неонатальды блок меңгерушісі:
- Бізде реанимацияда 2 бала жатыр. Біреуі – «диафрагмальная грыжа», екіншісі – гастрошизис. Екеуі де операциядан өткен. Операциядан кейін біріншісіне 11 күн, екіншісіне 5 күн болды. Біріншісін біз аппараттан шығарып, қазір бала өздігінен дем алып жатыр. Анасының сүтін ішіп, қазіргі таңда салмақ жинап жатыр. Енді бізде операциядан кейінгі ең маңызды жұмысы бұл – күтім жасау. Жақсы күтім болса, тез сауығып кетеді.