Блиц. Елді елең еткізген мәселелер
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке бірқатар жаңа тапсырмалар жүктеді.
Ал ол туралы қазақстандықтар не ойлайды?
- Президенттің айтқанын қолдаймын. Себебі қаржыны инвестордан алу керек. Халықтан ала берген, фондтан алу деген ол - дұрыс емес деп ойлаймын. Фонд халықтың ақшасы. Халықтың меншігіне қол салуға болмайды.
- Бюрократия енді бір күнде қысқармайды. Бірақ оған бет алғанымыз, бағыт алғанымыз жөн. Өйткені мемлекетте, қоғамда жалпы бюрократия құрымай, елдің дамуы болмайды.
- Жалпы өнеркәсіп жағынан біздің елімізде мүмкіндіктер өте көп. Жақсы нәтижелер алып келеріне, жақсы өзгерістер болатынына сенеміз.
- Құптарлық іс. Жол саласымен қатар басқа салалар да шешімін тапса дейміз. Өзіміздің отандық кәсіпорындардың дамығаны өзімізге де жақсы ғой.