СҚО-да «Аңсаған сәби» аясында 172 бала дүниеге келді

Солтүстік Қазақстан облысында биыл «Аңсаған сәби» бағдарламасымен 189 квота бөлінді, деп хабарлайды 24KZ.

Бала сүйе алмай жүрген ерлі-зайыптылар тиісті құжатын тапсырып, медициналық тексерістен өтіп жатыр. Арнайы құрылған аймақтық комиссия әр өтінішті жеке қарайды. Жасанды ұрықтандыру қызметі мемлекет есебінен тегін жасалады. Сонымен қатар әйелдерге эко-орталықты таңдау мүмкіндігі беріледі.

Жалпы жоба жүзеге асқалы облыста 172 бала дүниеге келді. Олардың 24-і –  егіз. Мамандардың айтуынша, бағдарлама перзентке зар болған әйелдердің ана атануына септігін тигізіп жатыр.

Виктор Проценко, репродуктолог:

- Қаңтар айында 131 ерлі-зайыпты өтініш білдірді. Оның 27-сі есепке алынды. Биыл ауыл тұрғындарына басымдық беріледі. Өйткені олар көбіне квотадан қалыс қалып жатады. Сондықтан осындай шешім қабылданды.