Заң халыққа қызмет ету керек

Президент тапсырмасын жүзеге асыру үшін Мәжіліс депутаттары заңнамалық қолдау көрсетеді.

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов осылай деді. Халық қалаулыларының алдында тұрған жаңа міндеттер бүгін фракция жиналысында талқыланды. Төраға өз сөзінде әр бір қабылданған заң жобасы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталу керектігіне тоқталды.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырманы орындау кезіндегі тиімсіз бюрократиялық тәсілдерді нақты мысал келтіре отырып айтты. Бүгінде нақты нәтижеге бағытталған кәсіби тәсіл қажет. Бұл қағиданы заң шығару барысында да ұстануымыз керек. Мәжілісте әзірленген әрбір заң Президенттің мемлекетті дамытуды және халықтың әл-ауқатын арттыруды көздейтін міндеттерін жүзеге асыру үшін жұмыс істеуі тиіс.