Ақтөбеде боран бәсеңдеді
Күн райының бұзылуына байланысты 109 қызметі күшейтілген режимге көшкен.
Мұның алдында Хромтау және Әйтеке би аудандарында төтенше жағдай жарияланған болатын. Төтенше жағдай қызметі, полиция жолда жүр. Әскерилер де көмекке келген. Дәрігерлерге де оңай соқпады. Дегенмен, кеше кешкілік күн ашылып, боран сейілген. Бірақ кей жолдарда әлі де шектеу бар. Өңірдегі дағдарыс орталығына екі күнде 6 мыңдай адам қоңырау шалған. Олардың 90 пайызы жарықтың өшуіне байланысты хабарласқан. Орталық WhatsApp және Instagram желісі арқылы да өтініш қабылдайды.