Павлодарда қыста асфальт төсеп жатыр

Павлодарлықтар осы уақытта, яғни қар кетпей жатып жол жөндеуге кірісті.

Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының өкілдері бұған еш таңқалудың қажеті жоқ, дейді. Себебі пайдаланылып жатқан асфальт нольден төмен температураға төтеп бере алады. Құрамында модификацияланған сұйық битум, қиыршық тас, құм және минералды ұнтақ бар. Жол төсеудің мұндай тәсілі он жыл бойы қолданыста. Биыл облыс орталығында 40 шақырымдай жол жаңартылады. Орташа жөндеу 14 магистральді көшеде жүргізіледі.

Арсен Жұмабеков, қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы:

- Магистральды көшелерде ең көп зақымданған 15 жол бөлігі анықталды. Мак-асфальт технологиясын қолдана отырып, шұңқырларды жөндеу жұмыстарын бастап кеттік. Аталған технология минус 10 градусқа дейінгі температурада жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Көлік нөпірі көп жолдарда көп шұңқыр пайда болған. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осындай шешім қабылданды.