Павлодар облысында күннің жылынуынан су басу қаупі төнді
Павлодар облысында Төтенше жағдайлар департаментінің барлық аудандық бөлімшелері күшейтілген режимге көшті.
Соңғы күндері толассыз жауған қар күрт еріп, елді мекендерді тасқын су басу қаупі төнген. Аудандарда су өткізгіш құбырларды тазалау мен қардан аршу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Жағдайды бақылауда ұстау үшін тәулік бойы вахта ұйымдастырылды. “ҚазАвтоЖол” қызметкерлері тас жолдардың бойындағы еріген қар суы жиналған қауіпті аймақтарды анықтады. Ммандардың айтуынша, өңірде 43 елді мекенді су басу қаупі бар.