Жыл басынан бері 300-ден аса қылмыскер ұсталды

Құқық қорғау қызметкерлері жыл басынан бері 300-ден астам қылмыскерді ұстады.

Олардың ішінде 10 жылдап іздеуде жүрген күдіктілер де бар.  Мәселен, Павлодар облысында 2011 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген азамат ұсталған. Сондай-ақ Алматы облысында да шетелдік туриске шабуыл жасап, 13 мың АҚШ долларын тартып алған алаяқ анықталды. Бұл жайлы Ішкі істер министрлігінің маманы мәлімдеді.

Жангелді Табилов, ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті басқарма бастығының орынбасары:

- Түркістан облысында полиция 10 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы Жамшид Ахмедовты ұстады. Шетелдік Сарыағаш ауданындағы «Жібек жолы» шекара бекетінде шекарадан өту кезінде қамауға алынды. Ер адам 2017 жылдан бастап Ресей Федерациясының Иркутск қаласында кісі өлтіргені үшін іздеуде болды.