Биыл 300 мың жас қордағы қаржысын алады
Ұлттық қордан аударылған қаржыны пайдалануға 30-дан аса жас өтініш білдірді.
Олар бұл ақшаны білім немесе тұрғын үйге жұмсай алады. Жыл соңына дейін барлығы 300 мың жас ілкімді істің игілігін көреді деп күтіліп отыр. Бұл жайлы Ұлттық қор және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры мәлімдеді.
Айта кетейік, биыл Ұлттық қордан елдегі 7 млн-ға жуық баланың есепшотына қаржы аударылған болатын.
Айбол Арғынғазинов, ҚР Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры:
- Ұлттық қордағы соңғы 18 жылда қалыптасқан орташа инвестициялық кірістің мәні 695 519 269 млн АҚШ доллары сомасындағы қаражат 6 919 131 балаға теңдей бөлініп, әрбір баланың есепшотына 100 АҚШ доллары, 52 цент мөлшерінде нысаналы салым түсті.