Таразда жүргізуші куәлігін сатқандар ұсталды
Таразда жүргізуші куәлігін саудалағандар ұсталды, деп хабарлайды 24KZ.
Халыққа қызмет көрсету орталығының бұрынғы басшысы мен қызметкерлері 35 құжатты дайындап, иелеріне табыстап жатқан сәтінде қолға түсті. Полицейлердің айтуынша, күдіктілер Жамбыл, Түркістан облысы мен Алматы, Шымкент қалаларының тұрғындарына куәлік сатқан. Осы қалаларда оларға клиент тауып жүрген көмекшілер бар екені де анықталды.
Алмаз Саламатов, Полиция департаменті бастығының орынбасары:
- Тіркелген қылмыстық істер аясында тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта жүргізуші куәліктерін заңсыз берудің 35 дерегі анықталды, қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар мен орындаушылар уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.