Шығыста қасқыр малға шауып жатыр
Көкжота ауылында қорадағы 18 қойды ит-құс тартып кеткен, деп хабарлайды 24KZ.
Аңшылар түз тағысының ізіне түсіп, көзін жойған. Бірақ мұнымен тыныш болмайтыны белгілі. Мамандар кейінгі 3 жылда қасқырдың тым көбейгенін айтады. Түз тағысы Ұлан ауданындағы бірнеше ауылға жақын келген. Қары қалың емес, таулы жерде жыртқышты әуеден бақыламаса болмайды, - дейді аңшылар. Сондықтан тікұшақты пайдаланған жөн.
Сергей Карманников, Орман және аңшылық шаруашылығы жедел тобы бастығының орынбасары:
- Тікұшақтың маңызы жоғары. Оның көмегімен қасқыр көп шоғырланған жерді ғана емес, сол маңға жететін жолды да анықтай аламыз. Дегенмен өткен жылы 17, биыл 10 қасқыр аттық.