Еңбек күші тапшы өңірлерге қоныстанғандарға жер телімі жалға беріледі
Еңбек күші тапшы өңірлерге қоныс аударушыларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдері жалға беріледі.
Бүгін Мәжіліс депутаттары халықтың көші-қон және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заңнаманы жетілдіру туралы заңды мақұлдады. Жаңа ереже күшіне енген соң отбасылар жылжымайтын мүлікті белгілі бір мерзімге және иеліктен шығару құқығынсыз пайдалана алады. Сонымен қатар көшіру үшін төленетін мемлекеттік субсидияларды қорғау нормасы белгіленді.
Жарқынбек Амантайұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Жер алушы азамат келесі біреуге сатуға бермейді. Тек 5 жыл мерзім ішінде уақытша пайдалану, яғни жалға алу құқығына ие болады. Сырттан келген қандастар немесе ішкі көшпен баратын азаматтарға әртүрлі көмектер қарастырылған. Субсидиялау көші-қондарын және квоталар беріледі. Бұлар белгілі бір деңгейде банктік қарыздар бойынша, басқа да міндеттемелер бойынша оларды бұғаттаудан қорғалған.