Екібастұздағы ГРЭС-2-ні жөндеуге бөлінген қаржы жымқырылды
Екібастұздағы ГРЭС-2-ні жаңғырту кезінде 1 миллиард теңгеге жуық қаржы ұрланған.
Павлодар облысының прокуратурасы тексеріс жүргізіп, бірқатар заңбұзушылық анықтады. Атап айтқанда, гидро-электростанциясын жөндеу және 3-ші энерго-блокты орнатуға арналған қаражат орынсыз жұмсалған. Сотқа дейінгі тергеу аясында шығын көлемі нақтыланады. Қазір қылмысқа қатысы барлар анықталып жатыр.