Шымкентте жалған доллар сатпақ болған адам сотталды

Қазақстан азаматы Шымкенттегі дәмханалардың бірінде жалған доллар сатпақ болған.

Аталған факті бойынша қылмыстық істі ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті тергеді. Ол азамат 100 долларлық банкнотпен 1900 АҚШ доллары көлеміндегі жалған ақшаны сатқан кезде қылмыс үстінде ұсталды, делінген ҚМА таратқан ақпаратта.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, нәтижесінде сот Шымкент тұрғынын кінәлі деп танып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды сақтық танытып, қолма-қол ақшаны мұқият санауға шақырады.