Президенттік жастар кадрлық резерві. Графика
Президенттік жастар кадрлық резерві болашақ көшбасшыларды даярлайтын саяси мектепке айналды.
Оған мамандарды іріктеу үрдісі әр екі жыл сайын өтеді. Жоба басталғалы 22 мыңнан астам адам өтініш берген. Алайда сынақтан тек 400 маман өтті.
Президенттік жастар кадрлық резерві
2019 ж. – 300 АДАМ
2021 ж. – 50 АДАМ
2023 ж. – 50 АДАМ
Қазіргі таңда резервтегі кадрлардың 367-сі әр салада еңбек етіп жатыр. Атап айтқанда, 102-сі орталық мемлекеттік органдарда, 27-сі жергілікті атқарушы органдарда, 72-сі ұлттық компанияларда, ал қалғаны өзге де жеке ұйымдарда қызмет атқарады. 34 адам саяси лауазымды қызметте, ал үшеуі "А" корпусындағы лауазымға ие болды.