Биыл Алматыда 20 шақырым жылу құбыры ауыстырылады
Бұл ауқымды жұмыс «Тарифті инвестицияға айырбастау» мемлекеттік саясатын іске асыру аясына атқарылады.
Кешенді бағдарлама инженерлік желілерді; су тазарту, кәріз және сорғы станцияларын, жылу желілерін ауыстыру үшін көбірек қаражат жинақтауға мүмкіндік береді.
Алматыда жылу құбырларының 60%- ға жуығы әбден ескірді. Жыл сайын олардың тесігі бекітіліп, жыртығы жамалып жатады. Бірақ, нәтиже шамалы. Құбыр жарылып, апатты жағдайлар болып тұрады. Сондықтан тозған инженерлік желілерді ауыстыру керек. Мысалы, былтыр «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы бойынша 9 шақырым жаңа құбыр төселді.
Нұрлан Ағзам, жылу жеткізуші кәсіпорын өкілі:
- 1,3 пайызға төмендеткен болатынбыз. Яғни сапасын жақсарттық. «Бізде қазір 2024 жылы 20 шақырым, яғни 23 нысан күрделі жұмыстар жүргізілетін нысандарымыз бар. Осы көрсеткіш ағымдағы жылдың аяқталу нәтижесінде 1,8 көрсеткішті көрсетеміз деген жоспарымыз бар.
Жалпы бұл мәселе елімізде өзекті болып тұр. Халықты сапалы ауыз сумен, жылумен қамтамасыз етуде біраз проблема бар. Жыл басында Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы коммуналдық- энергетикалық секторда жаңғырту жұмысын жеделдетуді тапсырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті
ЦИТАТА
Ең алдымен, тарифтер ұзақ мерзімге белгіленуі керек. Бұл межелі уақыт ішінде салынған инвестицияны ақтап, инфрақұрылым нысандарын тиісті қалыпта сақтауға мүмкіндік береді.Табиғи монополия субъектілеріне тарифті белгілі бір табыс нормасына сай есептеп, бекітуге рұқсат беру қажет. Тиімді бақылау жүргізу аса маңызды. Мұны осы саладағы бүкіл үдерісті толық цифрландыру арқылы ғана қамтамасыз етуге болады.
Жылу мен суға, электр жарығына төленетін қаржы ел игілігіне жұмсалуы тиіс. Яғни ол инфрақұрылым нысандарын тиісті қалыпта сақтауға бғытталатын инвестиция. Бұл желідегі апатты азайтады және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырады.
Наталья Инкина, жылу жеткізуші кәсіпорынның баспасөз хатшысы:
- Осы бағдарлама арқылы біз жыл сайын 20 шақырымға дейін құбыр ауыстыра аламыз. Бұған дейін жұмыс ауқымын тек 9 шақырым құбырға ғана жоспарлай алатын едік. Бірақ, нарық жағдайын да ескеру керек. Себебі материал бағасы да жылда қымбаттап жатыр.
Алматы энергетика және сумен жабдықтау басқармасының болжауынша, бағдарлама шеңберінде 2029 жылға қарай жылу желілерінің тозуын 49% - ға дейін төмендетеді. Ол үшін 127 шқырым құбыр жаңарту жоспарланып отыр.
А. Садуақас. Ә. Нарымбаев