Астана әуежайында 18 рейс кестеден кешікті
Себеп - нысанда таңсәріден жүйелік сымдар өртенген.
Қызыл жалын дер кезінде ауыздықталды. Өрт сөндіру кезінде әуежай ішін түтін басуына байланысты барлық жолаушы қауіпсіз жерге шығарылды. Ал кешіктірілген рейстердің қашан қалпына келетіні белгісіз. "Жолдан қалған азаматтар ас-сумен қамтылады", - деді әуежайдың баспасөз қызметі.