Хакерлер айылын жияр емес

Жыл басынан елімізде түрлі мәліметтерге 4 мыңнан астам кибершабуыл жасалған.

Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есе көп. Сарапшылардың мәліметі осындай. Алаяқтар компьютерлерге зиянды вирустарды жіберумен айналысқан. "Касперски зертханасы" қызметкерлерінің мәліметінше, ең қауіпті кибершабуылдар өндірістік нысандарға жасалып жатыр. Орташа есеппен әрбір оныншы кәсіпорын 800 мың теңгеден 2 жарым млн теңгеге дейін шығынға батады. Елде киберқауіпсіздік саласында көрсетілетін қызмет көлемі артты. Былтыр қаңтар-қыркүйек аралығында оның сомасы 14 млрд теңгеден асқан. Алдыңғы жылмен салыстырғанда шамамен 3 есе көп. Мұндай қызметтердің көбі Астана, Алматы қаласы мен Қарағанды облысында көрсетілген. 

2024 ж. қаңтар - 4 200 дерек

Өсім - 2 есе

Әрбір 10-кәсіпорынның шығыны: ₸800 мың - ₸2,5 млн

Киберқауіпсіздік қызметінің көлемі - ₸14,2 млрд