Қазақстанда соңғы бір ғасырда сағат тілі неше рет ауысқан?

Географиялық тұрғыда 4 уақыт белдеуінде орналасқан Қазақстанда соңғы 100 жылда сағат тілі 12 рет ауысқан екен.

Сөйтіп, 2000 жылға қарай тек екі белдеу қалған. Енді барлық өңір біріңғай уақыт белдеуіне көшті. Сарапшылар тиімділігін дәлелдеп, бүге-шігесіне дейін түсіндіріп берді. Нәтижесінде біздің уақыт Еуропаның уақыт белдеуіне бір сағат жақындап, Қытайдан бір сағатқа алыстады.

Сағат тілі бір сағатқа кері шегерілді. Өзге өңірлермен салыстырғанда, ел шығысындағы екі облыста таң ерте атып, күн ерте батады. Уақыт белдеуінің өзгеруінен жаңашылдық күтетіндер көп.

Семей

БЛИЦ

- Үйренуге болады. Қазір енді жастар біле ме білмей ме, үйрене алмай кішкене қиналады. Үйреніп кетеді ғой.

- Бізге жақсы да бір сағат ұйықтап барасың да, кейбір студенттер енді алыс жақта тұрады деген сияқты автобус көп жүрмейді.

- Бәрін қабылдау керек. Қазіргі заманда өзгеріс не толька уақытта бәрі өзгеріп жатыр. Қабылдаңдар, бәрі жақсы болады.

Өскемен

Сағат тілін кері шегерудің мәнісін биотехнолог Әмір Қуат жақсы біледі. Жас ғалым 13 жасынан бастап осы саланы зерттейді. Айтуынша мұның маңызы зор. Анығында Шығыс Қазақстанның көп бөлігі о бастан UTC+5 белдеуіне жатады екен. 

Әмір Қуат, биотехнолог:

- Қазақстан қателеспесем 67 процент аумағы өзінің уақыт белдеуінде орналаспаған өкінішке орай UTC +6 жасанды қолдан жасанды түрде 67 процент территорияға созылып кеткен.Сондықтан жасалып жатқан жұмыс - адамдарға жергілікті  тұратын адамдарға табиғи уақыт белдеуін қайтарып беру.

Мамандардың пікірінше, бірыңғай белдеу  әлемнің 175 мемлекетіне енізілген. Экономикалық тиімділігі әлдеқашан дәлелденген. Мұны отандық сарапшылар да жоққа шығармайды. 

Әсем Жақсыбаева, облыстық техникалық реттеу және метрология департаментінің басшысы: 

- Қазақстан бойынша экономикалық жағдайға тиімді деп саналады. Себебі Батыс Қазақстанның, батыс өңіріндегі облыстармен қалған облыстар бір сағат жүйесінде жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар бұл жерде табиғи сағат ритмі есепке алынды. 

Бір жағы адамның қоршаған ортамен үндестігі реттеледі, дейді зерттеушілер. Денсаулыққа әсіресе бала ағзасының дамуына оң әсерін тигізеді екен. 

Жігер Бабаханов