Бес белдеу, бір уақыт. LIVE

Әлемде өз аумағында бірыңғай стандартты уақытты енгізу туралы шешім қабылдаған мемлекет - Ұлыбритания.

Одан кейін бұл бастамаға АҚШ, Жапония, Канада және Ресей қосылды. Осылайша әлемде уақыт белдеуі пайда болды. ХІХ ғасырдың аяғында халықаралық меридиандық конференцияда «нөлдік» меридиан нүктесі ретінде Гринвичтегі Британ обсерваториясы алынып, жерді 24 сағаттық аймақтарға бөлу туралы келісім жасалды. Қытай жері батыстан шығысқа дейін 5700 шақырымға созылады. Ғалымдар уақыт белдеулерін бөлгенде, аспан асты елінің еншісіне оның бесеуі бұйырды.

Руслан Бақытбекұлы, тілші:

- Қытай елі 1912 жылдан бастап уақытты жалпы әлемдік стандарттарға сәйкес есептеген.  Бертін келе жергілікті астрономдар елді 5 уақыт белдеуіне бөлді. Осы жүйемен Қытай халқы 1949 жылға дейін өмір сүрді. Алайда, Үкімет басына келген Мао Цзэдун елдегі уақыт белдеулерін бөлуді жойып, барлық жерде Бейжің уақытын белгіледі. Бірақ бұл кейбір аймақтарға қолайсыз.

Ыңғайсыздығы сол, енгізілген бірыңғай уақыт, ел аумағының 80 пайызында күндізгі уақытпен сәйкес келмейді. Түсіндірейін. Мәселен, Бейжіңде түс сағат 12:30-да ауатын болса, елдің батыс бөлігінде түс уақыты күндізгі 11:00 болып есептеледі. Ал шығыс жағындағы провиницияларда күндізгі сағат 15:00 де. Бүкіл ел бойынша мемлекеттік қызметкерлер бір уақытта жұмыс істейді. Елдің бір бөлігінде жұмыс уақыты тас қараңғыда аяқталса, енді бір бөлігі күн жарықта үйлеріне жинала береді. Бұл қарапайым тұрғындар үшін қолайсыз. Енді Қытай билігі неліктен мұндай реформаны қабылдады? Деген заңды сұрақ туындайды.

Бұл жергілікті идеологияға сәйкес, біртұтас уақыт, қытай халқының бірлігі мен коммунистік рухтың бірлігін білдіреді. Бұл экономикалық жағынан өте тиімді болғандықтан, олар бір сағаттық белдеуге еніп отыр. Сонымен қатар әкімшілік аппарат үшін де тиімді. Бейжің уақыты өзге аймақтарда кез келген мезгілде байланысуға мүмкіндік береді.

Руслан Бақытбекұлы, тілші:

- Оның үстіне Қытай халқы елдің шығысында тығыз орналасқан. Нақтырақ айтсақ 90 пайызы шоғырланған. Яғни мұндай жүйенің айырмашылығы жұрттың басым бөлігіне байқалмайды да. Ал басқа өңірлер осы белдеуге бейімделіп кеткен. Алайда елдің батысындағылар әлі де жергілікті уақытпен жүреді. Оларға Үрімші шаһарының уақыты ыңғайлы. Көбінесе үкіметтік емес мекемелер пайдаланады. Бірақ бейресми пайдаланады. Бұған ресми Қытай билігі қарсы.  Бұл енді Қытайдың ішкі шаруасы....