Атыраудағы перзентханада ретинопатия орталығы ашылды
Атыраудағы облыстық перзентханада шала туған сәбилерге арналған ретинопатия орталығы ашылды, деп хабарлайды 24KZ.
Мұндай заманауи орталық елде санаулы ғана. Көз тамыры жетілмей туған нәрестелер бұрын Астана мен Алматыда емделетін еді. Жүктіліктің 34-ші аптасына дейін дүниеге келген нәрестеге дер кезінде ота жасалмаса, бала болашақта қос жанарынан айырылуы мүмкін. Жаңа ашылған орталық осындай қиын жағдайдың алдын алуға сеп болады. «Мұнда балалар көзге лазерлік фотокоагуляция жасау немесе «Луцентис» препараты арқылы емделеді», - дейді мамандар. Медицина орталығы көрші облыстардан келетін науқастарды да қабылдайды. Былтыр елімізде 1600-ге жуық сәби осындай диагнозбен дүниеге келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 34 процентке көп.
Түрлен Бегеева, Облыстық перинаталдық орталық шала туған нәрестелер бөлімшесінің бөлім меңгерушісі:
- Көптеген балалар дер кезінде анықталып, қажетті отадан шет қалып отырады. Жақында 2024 жылы жақын аймақ, көрші облыс Маңғыстау облысынан 2 нәрестені қабылдап, екеуіне де ота жасалып, біреуіне екі мәрте жасалып және «Аяла» қорының қамтамасыз еткен «Люцентис» дәрісімен егіліп, қазіргі таңда жақсы нәтиже беріп, ертең үйге шығарғалы отырмыз.